Тұмау

Тұмау

«ҚР ДСМ Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті СҚО Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Петропавл қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ келесіні хабарлайды:

Тұмау — вирустық инфекциялық ауру, тыныстық жолды зақымдаумен, уыттанумен және қосымша бактериалдық шиеленесуі дамуының жоғары ықтималдығымен сипатталады. Жыл сайын күз басталуымен тұмау ауру санының өсуі байқалады.

Жылда тұмау тұрғындардың 30 пайызын зақымдайтын маусымды эпидемияға жалғасады. Олардың жартысын балалар мен жасөспірімдер құрайды. 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар тұмау сырқаттанушылығына ең көп ұшырайды. Балада тұмауға шалдыққыштық ересекке қарағанда 4-5 есе жоғары. Балаларда тұмау шиеленесумен жиі (бронхит, пневмония және т.б. қосылумен) өтеді.

Екпе жасау — тұмау профилактикасының ең тиінді әдісі. Вакцина инфекциямен күреске арналған қорғаушы антидене шығара отыра, иммунитеттік жүйені ширықтырады. Тұмау вирусына иммунитет жасаудан басқа тұмауға қарсы екпе жасау жалпы организмнің қорғаушы күшін жоғарылатады және басқа жіті демдік ауруларға тұрақтылықта орнатады. Тұмауға қарсы екпені тұрғындардың барлық топтарына жасауға болады.

Жыл сайын жергілікті бюджет қаржысы есебінен, тегін түрде медициналық қызметкерлердің, медициналық ұйымдардағы медициналық байқауға жататын балалардың, алты айдан асқан жиі ауыратын балалардың, білім ұйымдары балаларының, ата-аналарының қамқорынсыз қалған, балалар үйлерінің жетім балаларының, медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) қызметтерін алушылардың, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегілердің, жүрек-қантамыр жүйесі мен тыныс ағзаларының созылмалы ауруы бар және эпидемиологиялық көрсеткіштері жөніндегі адамдардың тұмауға қарсы екпе егілулері жүргізіледі. Екпе егілуді қалайтын адамдар екпені ақылы негізде тіркелген емханада алуларына болады.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша аумақтық емханалардың («№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК 46-87-10; «№2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК 33-44-33; «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК 53-79-70; «Денсаулық» ЖКЕМ 51-10-63) қарбалас желі телефондары және қалалық басқарманың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қарбалас желі телефоны (51-88-63) арқылы жүгінуге болады.

01.10.2019
Қараулар: 2614
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz